Елімізде 1,5 млн гектардан астам аумақ мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған. Ал далаға кеткен қара алтынның көлемі 50 млн тоннадан асады. Ғылым адамзат жолындағы көптеген проблеманың шешімін тапқан. Аталмыш мәселеге келгенде ҚазҰУ ғалымдары бірнеше жылдық зерттеулерге сүйеніп ең тиімді жолды ұсынып отыр.