Түркістан облысында интернет арқылы 56 қылмыс жасаған 31 адам ұсталды. Аталған жайтты “Киберқылмысқа қарсы күрес” тұрақты тобы анықтады. Сезіктілер тұрғындарды алдап атынан онлайн несие алып келген. Жергілікті тұрғын белгісіз біреу көлігіне мініп, өзінің атынан банктен 1 млн 600 мың теңге несие алғанын айтып арызданған. Жедел іздестіру барысында күдікті Сарыағаш ауданының жұмыссыз тұрғыны екенін белгілі болды. […]