Біреу сені өткен өмірің үшін сөгсе, көңіліңе тиеді, өйткені оны өзгерту мүмкін емес. Сен жақсы көретін адам бұлай жасаса, екі есе жаныңа батады. Егер жігіт бұрын болған оқиға үшін сөгіп жатса, не істеу керектігі туралы кеңестерді оқып шық. Өзіңді кінәлі сезінбе Жігіттің бұл әрекеттері сені өткенің үшін кінәлі сезіндіруі мүмкін. Бірақ, бір кездері жасаған қателіктерің мен әрекеттерің қазір тұлға болып қалыптасқаныңа көмектескенін есте ұстаған жөн. Тиісінше, сен бұл тәжірибені қабылдап, одан сабақ алуың керек және одан ұялмаған жөн. Жігітке эмоцияларың жайлы хабарла Ашық және адал сөйлесу — келіспеушіліктерді шешудің жақсы тәсілі. Тыныш ренжіп жату емес, жігітке оның сөздері зиян тигізетінін