Дүрбелеңге салынба! Барлығы сен ойлағандай қорқынышты емес. Гинекологқа бірінші рет барудан ұялу және аздап қорқу қалыпты жағдай. Бірақ алаңдама. Гинекологтың басты мақсаты, кез — келген дәрігер сияқты, науқастың денсаулығы. Оған баруды жағымсыз қажеттілік ретінде емес, денсаулығыңа қамқорлық жасау тәсілі ретінде қабылда. Аурудың салдарымен күресуден гөрі, мәселенің алдын алу немесе оны ең басында емдеу әлдеқайда жақсы.