Иә, енді әлеуметтік желілерде мұңды немесе бақытты жазбалар азаятын шығар. Сен ерлі-зайыптылар деп санайтын көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы «тыныш айырылысқан» болуы мүмкін. Көптеген жұптар бәріне айтып айырылысуға дағдыланған. Келесі күні бұл туралы достары біледі, содан кейін ата-аналары, ал үшінші күні әлеуметтік желіге салады. Психологтар Nylon-ға берген сұхбатында бұл үрдіс жойылып, оның орнына «тыныш айырылысу» деп аталатын нәрсе келеді дейді. Ол не? Сенің айырылысқаның туралы кейде ең жақын адамдардан басқа ешкім білмейді. Сен жұп болуды тоқтатқаныңды жарнамаламайсың, кейде, тіпті, қарым-қатынасты жалғасып жатқандай көрсетесің. Психотерапевт Рик Миллер The Cut басылымына берген сұхбатында тыныш ажырасудың өсуі бүгінгі әлеуметтік желілердегі әрбір жеке сәтті