Көптеген актерлер белгілі бір кейіпкерлердің рөлдерін сомдай отырып, кейіпкерлерге өзіндік ерекшеліктер әкеледі. Осылайша сценарийде жазылған образдар жанданып, көрерменге жақындай түседі. Бірақ кейде актерлар режиссердің идеясымен жүрмей, импровизация жасайды. Культтік фильмнің көптеген сәттері актерлердің күтпеген шешімдерінің арқасында танымал болды. Біз бүгінгі топтамада ең сәтті импровизациялар туралы айтамыз.