Келешегі зор қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open-де өзінің алғашқы ойынын өткізді. Турнирдің бірінші айналымында ол жергілікті спортшы Талия Коккиниспен кездесті. ITF жасөспірімдер рейтингінде 56-шы орында тұрған Алматыдан келген 17 жастағы теннисші 15 жасар Коккинистен ұтылды, ол әлемдік рейтингтер кестесінде 283-ші орында — 1:6, 4:6. Талия және Асылжан үшін де бұл үлкен дебют.