Әйелдер күресі бойынша Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлдеге ие болды. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Бақбергенова финалда америкалық Амит Эйлормен кездесті. Жекпе-жек тез аяқталды. Қарсыласы тиімді әдіс қолдана отырып, айқын басымдылыққа ие болды. Осылайша, ол мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетсек, осымен Бақбергенова әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері