Қазақстандық модель Кристина Менисова National Social Media Award нұсқасы бойынша «Жыл моделі» атанды. Іс-шара жыл сайын Лондон, Лос-Анджелес және Дубайда өтеді, онда желі қолданушылары көрнекті инфлюенсерлерді, әртістерді және ең жақсы брендтерді таңдайды. Мәселен, алматылық ару өзінің кәсіби саласындағы маңызды жүлдесін жеңіп алып, үздік модель атанды. Естеріңе сала кетейік, ару танымал брендтердің сән көрсетілімдеріне ғана емес, сонымен қатар журналдардың беттерінен де көрінді. Кристина бұған дейін Vogue, Marie Claire, Elle сияқты журналдардың мұқабаларында пайда болған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kristina Menissov 🦋 (@kristinamenissov) Кристина өз санатындағы жүлде үшін 5 үміткер күрескенін айтты. Дауыс беру әлеуметтік желілерде өтті, онда қыздардың