Президенттің айтуынша, Қазақстанда мұндай қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары туралы айтты. Ол мұндай қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатқанын еске салды. Әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілердің