Қазақстандық актриса және әнші Ақбота Сейтмағамбет екінші рет қандай адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты. Ол әлеуметтік желіде болашақ жарының бойында болу керек қасиеттерін тізіп берді. Ақбота сөзінде тұратын адаммен бас қосқысы келетінін айтты. «Сөзі мен ісі сәйкес келетін, жауапкершілігі басым, өзіндік пікірі мен талғамы бар, тура ниетті адал жанмен тағдырымды тоғыстырсам деймін», деді ару. Ақботадан өзіңді қалай жақсы көруге болатынын сұрады. «Өзіңді жақсы көру ең алдымен өзің үшін жауапкершілік алудан басталады.Сенің көңіл-күйің, өмірің, тағдырың, бақытты немесе бақытсыз болуың өз шешімдеріңе де байланысты. Кез-келген дүние басыңа себепсіз келмейді. Барлығы үшін айналаны кінәлап, өз-өзіңнен қашып жүру мәселені жеңілдетпейді. Ең әуелі не жасасаң да, Алланың