Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы жайлы көбі бермейтін ақпаратпен бөлісті. Өнер иесі «Ұйқым келмейді» бағдарламасында микроинсульт алғанын айтты. «Жүрегім бұрыннан ауыратын еді. Бірақ бұған дейін әлеуметтік желі болмады да, ешкім білмеді. Мини инсульттен екі қолым да істемей қалды. Көтерілмейді. Мен мини инсульт алғанымды білмеппін. Сосын басымның артқы жағы ісіп кетті. Дәрігерлер кесеміз деді. Сонымен нейрохирург достарым бар. Достарыма риза болдым. Шымкенттен ұшып келіп, жеке емханаға барып, уколын салып, аман алып қалды», деді Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: Instagram