Әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев былтыр қыркүйекте ажырасып кеткендерін ресми түрде растаған болатын. Балжан Instagram желісіндегі парақшасында көпшіліктен бұрынғы күйеуі жайлы сөз қозғамауларын сұрады. «Оның әлеуметтік желідегі жазбасын неге маған жіберіп жатырсыздар? Біз бір-бірімізді әлеуметтік желіде бұғаттадық. Бізге солай жеңіл әрі жақсы. Өтініш, оның айтқанын, жазғанын, әлеуметтік желіге салғанын маған жібермеңіздер», деп