Димаш Құдайберген Швейцарияда болып, БҰҰ-ның Женевадағы Бас директоры Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті. Димаш Құдайберген Instagram парақшасында сапар жайлы толығырақ айтып, пост жариялады. Кездесу барысында Димаш мен Валовая бірлескен жобалардың келешегін талқылады. Олар, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті. «Құрметті достар, кеше Женева қаласына бардым, онда БҰҰ-ның Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездестім. Біз Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҚҚ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттармен және нысандармен таныстық. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездестім. Тұрақты өкіл Ерлан