Белгілі қазақстандық журналист, тележүргізуші және блогер Динара Сатжан ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің постына жауап берді. Тина Канделаки өзінің Telegram арнасында 16 қаңтарда Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Канделаки «Уральск» атауының — «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім деп ойлайды. Бұған қазақстандық журналист Динара Сатжан жауап берді: «Қымбатты, Тина! Біріншіден, біз тәуелсіз егемен мемлекетпіз. Орыстардың жақсы мақалы бар ғой: «Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың»! Қай теміржол станциямызды қалай атайтынымызды өзіміз шешейік. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді. Үшіншіден, орыс тілі біздің елімізде ұлтаралық қарым