Қазақстандық танымал актер Еркебұлан Тоқтар жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісіп, бүгінде кездесіп жүрген сүйіктісі бар екенін растады. Еркебұлан «NNN» шоуына қатысып, көптің көкейінде жүрген бірқатар қызықты сұратарға жауап берді. Актер қазіргі уақытта жүрегін жаулаған ару бар екенін ашып айтты. Және бағдарлама барысында опасыздыққа қатысты ойын да білдірді. «Қазіргі уақытта жүріп жүрген қызым бар. Мен қыздарға өмірімде сөз салмағанмын. Мен адал адаммын. Ешқашан көзге шөп салмаймын, ондай дүниеге қарсымын. Қыз үшін төбелескен кезім болды», деді Еркебұлан. Сондай-ақ, талғампаз жігіт өзге ұлттың қызына үйленбейтінін айтты. Фото: Instagram