«Мошенники», «Бажа» сериалдарындағы рөлдерімен танымал қазақстандық актриса Фариза Ескермес тұрмысқа шықпақ. Аруға Мальдив аралдарында өмірлік жар болуға ұсыныс жасады. Фариза мен оның сүйіктісі Мальдив аралдарына демалуға кеткен болатын. Актриса керемет күндегі өз әсерлерімен бөлісіп, жағажайдан жаңа фотосуреттер жариялады. Алайда, Фаризаны тосын сый күтіп тұрды — сүйіктісі сол кеште үйлену туралы ұсыныс жасады. Ару ойланбастан жауап берді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Fariza Yeskermes Nurzhankyzy (@fariza_yeskermes) «Мен ең мейірімді, әдемі адамға «Иә» дедім! Бұл кеш есімде мәңгі қалады. Үнді мұхиты, керемет жұлдызды аспан, ең күшті жігіт жанымда, керемет дәмді кешкі ас және жаңа гауһар тастар. 21.01.2024», – деп жазды