Отандық актриса Гүлназ Жоланова үйлену көйлегін киіп, жанкүйерлерінің жүрегін елжіретті. Актриса фотосуретті Instagram парақшасында жариялады. «Қазақша бизнес», «Тараз» және «Әкім» фильмдерімен көрелменге танымал актриса жанкүйерлерін қалыңдық бейнесінде баурап алды. «Махаббатта, махаббаттан және махаббат үшін», деп жазды Жоланова суреттің астына. Отандық кино жұлдызының достары, әріптестері және жанкүйерлері Гүлназға таңданысын білдіріп, құттықтап, бақыт тіледі. Фото: Instagram/ @gulnaz_zholanova/