Отандық театр және кино актрисасы Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желіде сахнада қалай жарақат алғанын және жедел жәрдем шақыруға тура келгенін айтты. Жұлдыз Абдукаримова Жетісайдағы Жандарбеков атындағы драма театрында «Қара шекпен» спектаклінде рөл ойнады. Актриса 20 күн бойы олар қойылымға дайындалып жатқанын айтты. Премьераға келген көрермендер олардың ойынын қошеметпен бағалады. Алайда, Жұлдыз сахна артында не болғанын айтуға бел буды. «Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым», — деп бөлісті Жұлдыз. Оқырмандары денсаулығына алаңдап, актрисаның белін жарақаттағанын естігендерін айтып жатты. Олар оған тезірек сауығып кетуін тіледі. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) «Көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде