Жақында күн бұрын алғаш рет әке атанған Қуаныш Бейсеков жары мен қызын перзентханадан шығарып алды. Белгілі режиссер қуанышты сәттің видеосын Instagram парақшасында жария етті. Бейнежазбадан байқағанымыз, жас әке перзентханаға достарымен бірге келген. Олардың арасында танымал «Ирина Кайратовна» тобының мүшелері де бар. Жиналған көпшілік перзентханадан шыққан ананы ерекше қарсы алып, ерлі-зайыптыны жарыса құттықтады. Айта кетейік, 15 қаңтар күні Қуаныш Бейсектің тұңғышы дүниеге келгенін хабарлаған еді. Жары Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай аяғы ауыр екенін өткен жылдың қараша айында жария етті. Жас жұбайлар сәбидің есімін Ғайнижамал деп қойды. Фото: Instagram