Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделакидің арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Әңгіме барысында Канделаки «өзіне және Ресейге жағымды» пікір білдіруді талап етеді. Сарапшылар бұл жазбаның растығына баға берді. Нейрожелілер саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан әңгіменің фейк екені анық деп атады. «Әрине, бұл — фейк. Бірнеше нейрожелілер бар: Heygen, Elevenlabs – олардың көмегімен бір минут ішінде кез келген дауысты «клондап» және кез келген әңгімені құрастыра аласыз. Қазіргі уақытта көптеген елде жасанды интеллект көмегімен жасалған кез келген контент арнайы белгімен белгіленетін заңнама әзірленіп жатқанын білемін. Егер ол жоқ болса, онда адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалуы