Соғыс жылдары майданға аттанып, ерлік көрсеткен, бірақ сүйегі шет жерде қалған қаншама боздақ бар?! Бүгінде сан мың ұрпақ ата-бабасынан ешқандай дерек білмей өмір сүріп жатыр. Дегенмен Қазақстанда соғысқа қатысқан аталарын іздегендерге көмектесетін, бірнеше мыңдаған отандасымыздың жерленген жерін тапқан бірлестік жұмыс істейді. Бірлестіктің аты да ерекше, атадан қалған аманат сынды. Massaget.kz тілшісі «Atamnyn Amanaty» ҚБ басқарма төрағасының орынбасары Әбубәкір Смайыловпен сұхбаттасты.