«Дебатл» жобасында журналистік зерттеулер агенттігінің төрағасы Мирболат Мырзатайұлы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қоғаммен байланыс мамандығының 3 курс студенті Дильназ Байбақырова қонақта болды. Бағдарлама қонақтары Қазақстандағы аралас неке тақырыбы бойынша әңгіме өрбітті. Мирболат Мырзатайұлы елдегі аралас неке санының артуына не себеп екенін түсіндіріп берді.