Өткен жазда Қырғызстан елімізге суармалы суларды, яғни су беруді тоқтатқан болатын. Бұған аптап ыстық қосылып, соның салдарынан оңтүстік өңірлердің шаруалары өнімдерінен қағылды. Жалпы шығын шамамен 3,5 миллиард теңгені құрады. Жамбыл облысының алты ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осы жылы келісімге қол жеткізілді, алайда аталған мәселе шешімін таба ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. […]