Ақтөбенің іргесіндегі Алға қаласында кеңес дәуірінен қалған химиялық зауыттың орны әлі күнге дейін астаң-кестең шашылып жатыр. Аумағында түсініксіз ұнтақтар әлі күнге кезігеді. Ал, көршілес Қандыағаш тұрғындарын ара-тұра ауада тарайтын өткір иіс мазалайды. Тарқатып айтар болсақ, кеңес дәуірі ыдырап, Алғадағы ірі химиялық зауыттың жұмысы тоқтап, орнының әлі күнге жиналмауы – қаланың эстетикалық көркін де бұзып тұр, […]