Осыдан тура бір жыл бұрын марафоншы, Гиннестің рекордтар кітабына енген рекордшы Марат Жыланбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қарсы процесте жеңіске жеткен болатын. Спортшының әлеуметтік желідегі жазбалары Назарбаевтар отбасының ар-намысы мен абыройын қорғау мақсатында істің қозғалуына негіз болған еді. – Адам баласынан (яғни, менен) қорғау үшін комиссия құрылды, оның құрамына заң профессорлары мен ҰҚК қызметкерлері кірді», – […]