Этникалық шығу тегіне қарамастан жаңа «қазақ» ұлтын қалыптастыру идеясы, әрине тамаша, бірақ тым ерте. Бұл Осман суперэтносының күйреуінен кейінгі Ататүріктің, түрік ұлтын құру үлгісінің проекциясы. Алайда, Ататүрік Түркиясымен салыстырғанда, Қазақстанның тарихи жағдайы мүлде басқаша. Қазіргі Қазақстанның бет-бейнесі Осман дәуірінен кейінгі Түркияға еш ұқсамайтыны белгілі. Біріншіден, Анадолы мен Ыстамбұлдағы барлық жергілікті Осман этносы бір тілде сөйлейтіні […]