Қазақ тарихындағы ағартушылар дегенде бірден кемеңгер азаматтар, ел ағалары, ұлтымыздың біртуар ұлдары ойға келеді. Ал әйелдерді бала тәрбиелеп отырған ақ жаулықты ана немесе келін ретінде елестетеміз. Бірақ біздің тарихымызда да білімге құштар, қоғамды оятуға тырысқан ағартушы әйелдер аз болған жоқ. Қазақтан шыққан алғашқы дәрігер қыз кім? Үммі-Гүлсім Асфендиярова Фото Мәдениет порталынан алынған Үммі—Гүлсім Асфендиярова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш әйел дәрігер. 1880 жылы дүниеге келген. Ташкенттегі қыздар гимназиясын аяқтап, оқу бітіргені […]