«Росатом» мен «Қазатомпром» стратегияларының айырмашылығы неде? Алғашқысы әлемдік нарыққа өзінің бақылауын орнатуға тырысып жатқан болса, екіншісі шикізат жеткізушісі ретінде біріншісіне жәрдемін тигізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қазір шетелдік компаниялар «Қазатомпромның» 13 тау-кен жобасының 11-інде үлеске ие. Тағы бір бірлескен кәсіпорын барлау жұмыстарымен айналысуда. Ұлттық оператормен бірге Қазақстанда уран өндіру жұмыстарымен алты елдің компаниялары айналысып жатыр. […]