Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан украин қызы Анастасия Ульченко бүгінде әулеттің ырысын арттырып, отбасының ұйытқысы болып отыр. Қазақ тілін еркін меңгергенімен бірге қазақтың салт-дәстүрін қатты құрметтейді. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі кейіпкерді сөзге тартып, әңгімелесіп қайтты.