Маңғыстау облысының прокуратурасы еңбек дауларын азайтуға және алдын алуға бағытталған «Еңбек жанжалдарының бейбіт шешімі» жобасын іске қосты. Жобаны жүзеге асыру үшін прокуратура, облыс әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен аймақтық кәсіподақ орталығы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Lada.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.