Маңғыстау облысында жыл басынан бері «А» жіті вирусты гепатитпен 25 адам, ал «В» түрімен 1 адам тіркелген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлфара Каримова хабарлады.