Маңғыстау облысында қызылша ауруына күдікті 48 жағдай тіркеліп, науқастардан алынған қан сынамаларын зертханалық талдау нәтижесінде 36 науқас анықталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев хабарлады.