Qalam қоры мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісі туралы әр тоқсан сайын жүргізілетін кезекті сауалнама өткізген болатын-ды. Зерттеу Президент Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауынан кейін бірден қолға алынып, халықтың қабылдау деңгейінен сыр беретін әрекет ретінде қабылдана бастады. Жыл басында жасаған, көңіл көншітпейтін деректерімізге қарамастан соңғы үш айда барлық құрылымдардың рейтингісі өсіп, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі арта бастады. […]