Әлеуметтік желіде «Хабар» телеарнасындағы ток-шоуға қатысты қызу пікірталас жүрді. «Бірақ...» бағдарламасының қызметкерлері отбасында зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелге ескертпей, оның бұрынғы күйеуін қонақ ретінде шақырған. Бұл желіде шу тудырды. Бағдарлама жүргізушілерінің бірі - Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың інісі Самат Толықбай. Ол - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының депутаты. Мәжіліс депутаты інісінің дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.