Алматы полициясы концерттік билеттерді сатып алаяқтықпен айналысқан қылмысты әшкереледі. Оны жасағкн 18 жастағы алматылық жігіт, ол билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған. Ол онлайн әрекет етті: Instagram-да билеттерге тапсырыс қабылдады. Әлеуметтік желіде кеңінен таралу үшін ол СММ-менеджер жалдады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта Алмалы ауданының ПБ-да алданған азаматтардың өтініштері қабылданып, ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. «Олардың кейбіреулеріне алаяқ 50 Cent концертіне билеттерді сатты», делінген хабарламада. Фото: Shutterstock