Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Тель – Авив – Алматы бағыты бойынша Израильге бір рейсті орындауды жоспарлап отыр. «10 қазанда Air Astana әуекомпаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден ақтауға техникалық қонумен әкету бойынша Алматы – Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша КС – 6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр», делінген хабарламада. Алматыдан ұшу уақыты сағат 08:00-ге, Тель — Авивтен ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Қазіргі уақытта авиакомпанияның мәліметінше, Тель-Авив әуежайы қону және ұшу уақытын келіседі деп күтілуде. Барлық сұрақтар бойынша авиакомпанияның көмек орталығына хабарласу қажет help.airastana.com, баланыс нөмерлері: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp). Қазақстанның