Жақында ана атанған қобызшы Ақерке Бүркітбай Instagram желісіндегі оқырмандарына босанғаннан кейінгі күйзелісті қалай жеңгенін айтты. Ақпан айында қазақстандық орындаушы Әли Оқапов пен «Асыл» музыкалық тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай алғаш рет ата-ана атанды, ал Әлидің анасы — Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева әже атанған болатын. Баланың есімін Зейін деп қойып, жұртшылыққа алғаш рет бесік тойда көрсетті.