Астанада марқұм қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековке арналған муралды құру жұмыстары аяқталуда. Мурал Абай даңғылы, 11 мекен-жайында орналасқан. Жобаның эскизімен Алматылық дизайнерлер мен граффити-суретшілер жұмыс жасады: Ғалымжан Балсары, Алпамыс Батыр және Дмитрий Сычев. Жобаны суретші Асхат Орынбасаров та қолдады. «Мурал идеясы Дарханды самурай ретінде бейнелейді, бірақ қарудың орнына оның гитарасы бар, ол өз жанкүйерлерінің жүрегін осы аспап арқылы жаулаған болатын. Бейнені қоршап тұрған шеңбер үйді, сондай-ақ Бейбітшілік символын бейнелейді», делінген жобаның ашылуына арналған релизде. Дарханның досы, қазақстандық продюсер Азат Әбікен муралдың Алматыда емес, Астанада салынуының себебін түсіндірді. «Біз оны Астанада құруға шешім қабылдадық, өйткені Алматыда Дарханға ескерткіш ашқымыз келді. Менің білуімше,