ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың танымал шолушыларының бірі Дэн Рафаэль қазақстандық Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы жақсы жаңалықпен бөлісті. Өз дереккөздеріне сүйене отырып, ол Ербосынұлының комадан шыққанын және ауыр нокауттан кейін жақсарып келе жатқаны жайлы айтты. Екі аптадан кейін Айдостың денсаулығы едәуір жақсарған. Рафаэльдің айтуынша, сөйлей алатын және белгілі бір дәрежеде жүре алатын жағдайға жетті.