Отандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ажырасудың жиілеп кеткені туралы сөз қозғады. Ол некедегі бақытқа ер азаматтың жасы әсер етпейтінін атап өтті. Еске сала кетейік, Ерке Есмахан күйеуі екеуі Лондонда демалыста жүр. Алайда әнші оқырмандарымен араласуға уақыт тауып, олардың сұрақтарына жауап берді. Жанкүйерлердің бірі қазір ажырасудың көп екеніне қынжылып, Ерке мен Rаim-ның некесі берік болғанын тіледі. «Сендерден махаббат сезіледі», делінген хабарламада. «Ия, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Қарап тұрсаңыздар біздің жас аралығымызға көп тиседі. Мысалға жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты