Димаш Құдайберген Сербияда беделді премияға ие болды – ағайынды Карич сыйлығы. 1979 жылдан бастап оны тек 150 адам алды. Қуанышты жаңалықты әнші Instagram парақшасында хабарлады. Димаштың беделді марапаттары мен сыйлықтарының қоржыны сербиялық ағайынды Карич сыйлығымен толықтырылды. Димаш Instagram-да фотосурет жариялады. «Менің барлық тыңдаушыларыма қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын», деп жазды әнші. Посттың астында Димаш марапаттың тарихы және оны алған адамдар туралы айтты. Ағайынды Карич сыйлығы атақты ғалымдарға, журналистерге, экономистерге, сондай-ақ мәдениет қызметкерлері мен қоғам қайраткерлеріне беріледі. 1979 жылдан бастап оған тек 150-ге жуық адам ие болды. Осы сыйлықтың лауреаттары қатарында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Нобель сыйлығының лауреаты