Қазақстандық джиу-джитсу споршысы Гүлжан Накипова жанкүйерлерімен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, чемпиондық белбеуге апаратын қиын жол туралы айтып берді. Бразилиялық джиу-джитсудан спорт шебері 2021 жылы Абу-Дабиде кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы атанды. Сұлу спортшының айтуынша, оның «сәттілік формуласы» бар. «Мен жетінші әрекеттен әлем чемпионы болдым. Іріктеулерден өтпей қалатынмын, алтынға бір қадам қалғанда ұшып кететінмін, кейде, тіпті, ширек финалға жете алмадым. Әрине, мен