Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Австралия ашық чемпионатының қорытындысы бойынша спортшылардың жекелей және жұптық рейтингтерін жариялады. Әлемнің алғашқы ракеткасы полка Ига Швентек болды, Australian Open-2024 жеңімпазы беларуссиялық Арина Соболенко екінші орынды сақтап қалды, АҚШ өкілі Кори Гауф үшінші орынға шықты. Бұрынғы үшінші сатыдағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екі жолға төмен түсіп, қазір бесінші орында тұр. Естеріңе сала кетейік, Рыбакина Australian Open-ді екінші айналымда аяқтап, күтпеген жерден ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп қалды. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да жеті жолға ауысып, 70-ші орынға жайғасты. Жұптық рейтингте бельгиялық Элиза Мертенс бірінші орынға көтерілді, оның артында қытайлық Тайбэйден келген Си Шувэй тұрды, ал Австралиядан