Ворониндер отбасы Түркияға төрт адамға тур сатып алған. Оның құнына SCAT әуекомпаниясының рейсі кірді. 27 мамырда ерлі-зайыптылар екі баласымен Қостанай әуежайынан демалуға ұшуы керек еді. Бір баласының диагнозы аутизм спектрінің бұзылуы (ASD) және осыған байланысты әуекомпания қызметкері оларды бортқа жібермеді. «Менің кіші қызымның «аутизмі» бар болғаны үшін кіргізбеді және ұшақ мұндай диагнозы бар адамдарды тасымалдауға