«Ирина Қайратовна» тобының музыканттары концертте болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Топ қатысушылары ұжымның Instagram-дағы ресми парақшасында 21 жастағы мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. «Осыған байланысты, 2023 жылғы 14-15 қазанға жоспарланған концерттер Астанада тоқтатылды», деп атап өтті музыканттар. Сонымен қатар, олардың айтуынша, қазіргі уақытта оларда жас жігіттің өлімінің нақты себебі туралы ақпарат жоқ.