Танымал әнші және актриса Жанар Дұғалова алда болатын тойы жайлы айтып берді. Жанар сырға салу рәсімі өтіп кеткенін айтып, тойға дайындық барысымен бөлісті. «Сырға салу рәсімі өтіп кетті. Тойды наурыз айына жоспарлаған болатынбыз, бірақ өзгеруі де мүмкін. Нақты уақытын айта алмаймын. Қыз ұзату тойының уақытын да әлі шешпедік. Шынымды айтсам, қыз ұзату тойын жасағым келмеп еді.