Үкімет қаулысының тиісті жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА)»порталында жарияланды. Құжат «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» деп аталады. Үкімет қаулысының жобасында: — «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыты мен жиілігінің мемлекеттік бастапқы эталонымен жаңғыртылатын, сақталатын және берілетін уақытты есептеу халықаралық уақыт белдеулері жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін»; 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі