Брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов заң бұзушылық үшін жауапкершілік туралы еске салды. «ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың тыныштығы мен тәртібін бұзатын елді мекендерде және тыйым салынған орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану 69 мың теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады (20 АЕК). Сонымен қатар, жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін және демалыс, мереке күндері сағат 23.00-ден 10.00-ге дейін жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін тыныштықты бұзу да әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады». Мұндай қарсы іс-қимылдар үшін жеке тұлғалар 17 250 теңге (5 АЕК), шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін — 69 000 теңге (20 АЕК),