Соңғы жекпе-жекте ауыр жарақат алған қазақстандық Айдос Ербосынұлы Instagram желісінде өз жанкүйерлеріне арнап пост шығарды. Қазақстандық боксшы өзіне келіп жатқан хабарламалардың скриншоттарын жариялап, ол үшін алаңдап отырған бей-жай қарамайтын адамдарға алғысын білдірді. «Осыған ұқсас хабарламалар өте көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рахмет. Алла жазса мықты болып ораламын, алар асуымыз алда», деп жазды. Естеріңізге